KZ
KZ RU
16 мамыр 2021 10:00

Сәуір айының үздік голының авторы марапатталды

16 мамыр 2021 10:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының сәуір айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1360 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Ақтөбе» – «Ордабасы» (4-тур) кездесуінде соғылған Игорь Сергеевтің тамаша голы атанды. Ақтөбелік ұжымның шабуыошысының голына 784 (57,65 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені ақтөбелік команданың легионеріне ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады.