KZ
KZ RU
06 мамыр 2019 16:52

Сәуір айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

06 мамыр 2019 16:52
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
Сәуір айының ең үздік ойыншысы - Азат Нұрғалиев, «Тобыл»
Сәуір айының ең үздік бас бапкері - Роман Григорчук, «Астана»