KZ
KZ RU
05 маусым 2024 13:09
ЕКІНШІ ЛИГА

Сәуірдегі үздіктер: QFL Екінші лиганың үздік ойыншылары мен бапкерлері анықталды

05 маусым 2024 13:09
Qazaqstan Football League 2024 жылдың сәуір айындағы Екінші лиганың үздік ойыншылары мен бапкерлерін назарыңызға ұсынады. Айта кетейік, үздіктер турнирға қатысушы командалардың бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды.

«Оңтүстік-Батыс» конференциясының сәуір айындағы үздік футболшысы ретінде AKAS клубының 37 жастағы шабуылшысы Сергей Гридин танылды. Ол 4 матчта 4 мәрте қарсылас қақпасына гол соқты. Ал үздік бапкер болып 3 кездесуде жеңілмеген «Мақтаарал» клубының жаттықтырушысы Руслан Эсатов танылды. 

«Солтүстік-Шығыс» конференциясында сәуір айының үздік футболшысы атағын «Шахтер Ж» командасының 22 жастағы шабуылшысы Шыңғыс Флюк жеңіп алды. Ол 9 гол соғып, сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Үздік бапкер атағы Шыңғыс Флюктің жаттықтырушысы Максим Самченкоға бұйырды. 

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, сәттілік тілейді!