28 ақпан 2018 09:38
OLIMPBET СУПЕРКУБОК
Самат Смақов: Әр бапкер мен ойыншы Суперкубокты ұтқанды қалайды
28 ақпан 2018 09:38
Қазақ футболының аңызы Самат Смақов Қазақстан Суперкубогына екі рет қатысып, екі рет жеңіске жетті. Самат Қабирұлы ойыншылық мансабын аяқтауға бел буып, Ақтөбе футболын көтеру мақсатында менеджер атанды. "Ақтөбе" футбол клубының жаңа басшысы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының сұрақтарына жауап берді.
- Самат Қабирұлы, суперкубоктық ойындардың чемпионаттағы немесе кубоктық кездесулерден айырмашылығы бар ма?
- Менің ойымша, бар. Біріншіден, бұл маусымашар ойын, сол себепті, командалар бұл трофейді ұтып, чемпионат алдында жағымды эмоцияларға бөленгілері келеді. Екіншіден, чемпионат бір жылға созылады, бұл аралықта мақсаттар құруға болады, ал Суперкубокта барлығы тоқсан, иә болмаса, жүз жиырма минут ішінде шешіледі. Кездесу ойыннан кейінгі футбол "лотереясымен" аяқталуы мүмін.
- Сіз екі суперкубоктық ойынға қатыстыңыз. Олар несімен есте қалды?
- Бұл кездесулер ерекше атмосферамен есте қалды. Иә, біреулерге бұл трофей маңызды төмен болуы мүмкін, бірақ әр бапкер мен ойыншы әрдайым Суперкубокты ұтқанды қалайды. Сол себепті Суперкубокта әрдайым ымырасыз күрес болады.
- Маусымға дайындық барысында "Астана" мен "Қайраттың" жолдастық кездесулерін қарауға мүмкіндік болды ма?
- Өкінішке орай, барлық матчтарды қарай алмадым - жұмыс көп болды. Кейбір ойындарды тікелей эфирде қарадым, ал кейбір кездесулердің бейнежазбасын бос уақытымда көруге тырыстым. Соңғы жылдары қалыптасқандай, бұл екі ұжым жаңа маусымдағы чемпионаттың ең басты бәсекелестері болады. "Астана" еуропалық аренада тамаша өнер көрсеткенін айта кету тиіспін. Португалияда өткен қарымта ойында астаналық клуб өр мінез, жігер көрсетіп, екі доп айырмасымен ұтылғанына қарамастан, тең нәтижеге қол жеткізді.
- Станимир Стойлов "Спортингке" қарсы ойынға жақсы күйде жақындау мақсатында өз командасының маусым алды дайындығын арнайы пысықтады деген пікір бар. Елордалықтардың жеделдетілген дайындығы суперкубоктағы "Қайратқа" қарсы ойында жағымсыз жағынан әсер етуі мүмкін бе?
- Станимир Стойлов - тәжірибелі бапкер. Ол өзі таңдаған тактика мен стратегияның дұрыстығын бірнеше рет дәлелдеген. Менің пікірімше, "Астана" ойыншылары Суперкубоктық ойынға жақсы күйде келеді. Бұл пікір "Қайратқа" да қатысты.
- Өтпелі тұрған Суперкубоктан қандай нәтиже күтесіз?
- Барлық футбол сүйер қауым секілді, мен күреске толы, әдемі комбинациялары бар, соғылған голдары мол нағыз кубоктық кездесу күтемін. Қос команда - тең қарсыластар, сол себепті, бұл матча барлығын психология шешеді - кім ойын барысында өзін психология жағынан жақсы көрсетсе, сол жеңіске жетеді.
Басқа жаңалықтар