KZ
KZ RU
14 маусым 2023 17:18

Самат Смақов – UBET-Бірінші Лигасының мамыр айындағы үздік бапкері

14 маусым 2023 17:18

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы мамыр айында UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік бапкерін анықтау мақсатында Бірінші Лига командаларының бапкерлері арасында сауалнама ұйымдастырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша өткен айдың үздік бапкері болып «Елімай» командасының маманы Самат Смақов атанды. Самат Қабірұлына 14 бапкердің бесеуі өз дауыстарын берді. Мамыр айында Смақовтың басшылығымен семейлік команда 5 ойында 5 рет жеңіске жетті.

Өткен сауалнамада екінші орынды Абдухалик Бөрібаев («Арыс») иеленсе, үздік үштіктен тұратын тізімді Игорь Прохницкий («Ақжайық») қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: