26 ақпан 2018 18:04
Самат Смаков пен Андрей Финонченко – 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының елшілері
26 ақпан 2018 18:04
Қазақ футболының азыңдары Самат Смақов пен Андрей Финонченко елордалық «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында өтетін Қазақстан Республикасы Суперкубогының елшілері атанды.
Смақов пен Финонченко 4 наурызда «Астана Аренада» өтетін ойынның ашылу салтанатына қатысады.
39 жасар Самат Смақов кәсіби ойыншы мансабын былтырғы маусым соңында аяқтады. Футболшы кезінде Смақов «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Резиспор» (Түркия) және «Ордабасы» командаларының намысын қорғады. Ол - Қазақстан чемпионатының алты дүркін чемпионы, екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері. Смақов екі мәрте Суперкубокты ұтты. Сонымен қатар Самат Смақов Қазақстан ұлттық құрамасының өткізген ойындары бойынша рекорд иесі – еліміздің басты командасының жидесінде ол 75 киді.
Қазір Самат Кабирұлы «Ақтөбе» футбол клубының басшысы ретінде қызмет етуде.
35 жасар Андрей Финонченко ойыншылық ғұмырын тек қарағандылық «Шахтерға» арнады, «кеншілер» құрамында ол 16 маусым ойынады. «Шахтер» футболшысы ретінде ол екі мәрте Қазақстан чемпионы, бір рет Қазақстан Кубогының иегері атанды. Сонымен қатар, Финонченко 2013 жылы Суперкубокта жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында ол 21 кездесу өткізіп, 4 доп соқты.
2017 жылғы маусым басталмас бұрын Андрей Финонченко ойыншылық мансабына нүкте қойып, «Шахтердің» бапкерлік құрамын толықтырды.
Суперкубок үшін кездесу 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы – 15:00-де.
Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында (сатып алуға сілтеме) және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.
Басқа жаңалықтар