KZ
KZ RU
13 шілде 2021 11:30

Санат Жұмаханов — Бірінші лиганың маусым айындағы үздік ойыншысы!

13 шілде 2021 11:30

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) дәстүр бойынша айдың соңында Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді.

Маусым айының үздігі болып «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Санат Жұмаханов атанды. Тәжірибелі ойыншы 14 ұпай жинады.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Қайрат» жастар командасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ие болды, ол 12 ұпай жинады. Үшінші орынды 8 ұпай жинап, «Оқжетпес» командасының тағы бірі өкілі Жасұлан Молдақараев иеленді.

Жүлдені Санат Жұмахановқа Бірінші лиганың 12 тур «Оқжетпес» - «Тараз-Қаратау» ойынының алдында ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыстады.