Сергей Гридин — «Астана» голдарының авторы
Оқу-жаттығу жиынында шаршағандарына қарамастан "астаналықтар" матчты тәп-тәуір өткізді. Ойын тізгінін өздерінде ұстауға тырысқандарымен жерлестеріміз мүмкіндіктерін орындай алған жоқ. Қарсыластар болса, "Астананың" айып алаңында жасаған барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алды. 1:3 есебімен аяқталған ойында қарсыластар қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы Сергей Гридин атанды. Теңбіл допты айып алаңының сыртынан қабылдаған ұлттық құрамамыздың шабуылшысы "теңбіл снарядты" қақпаға шірене бағыттады.
Жеңіліске қарамастан жаттықтырушылар үшін бұл матчтың маңызы зор болды. Кездесуде бас бапкер Олег Протасов жастар құрамасының ойыншыларын да іс жүзінде көре алды. Олардың қатарында бапкердің сынағында жүрген Евгений Горячий мен Абзал Бейсебеков те бар. Сондай-ақ, "Астана" сапында Милиславлевич және Эмиль Дикэ сынды легионерлер де ойқастады.
Бірінші таймда "Астана" мына құрамда ойнады: Белкин, Бейсебеков, Мұхтаров, Рожков, Горячий, Қонысбаев, Дикэ, Нұрдәулетов, Милисавлевич, Нөсербаев, Гридин.
Екінші таймда "астаналықтар" мына құрамда ойқастады: Эрич, Дәуітов, Гурман, Дмитренко, Горячий, Қуат, Шахметов, Әлиев, Милисавлевич, Петрониевич, Прокопенко.
Енді келесі жолдастық кездесуін "Астана" 8 ақпанда Чехияның "Баник" клубына қарсы өткізеді.
fca.kz