KZ
KZ RU
31 қаңтар 2012 00:43

Сергей Гридин "Металлургті" жеңіп берді

31 қаңтар 2012 00:43

Матчқа "Астана" футболшылары жиындағы аса ауыр жаттығулардан кейін қатысты. Сондықтан, бас бапкер Олег Протасов командадағы бүкіл жігіттерге алаңға шығуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 17жасар Ринат Хайруллин мен бапкердің сынағынан өтіп жүрген румын жартылай қорғаушысы Эмиль Дика да алаңға шықты. 90 минут бойы тартысқан командалар бір-біріне оңайлықпен берілмейтінін бірден сездірді. Маусымға толық дайын грузиндер допты өздерінде көбірек ұстап, футболшыларымызды тығырыққа тіреп отырды. Әлбетте, "Металлургтің" басымдылық танытуына негіз бар. Грузия чемпионаты 14 ақпанда басталатындықтан, руставиліктер маусымға дайындықты әлдеқашан бастаған болатын. Дегенмен, бәрібір де жеңіс Олег Протасов шәкірттеріне бұйырды.
Бұл матчта "Астана" мына құраммен ойнады: Эрич (Белкин), Гурман, Мұхтаров, Рожков, Дмитренко (Шахметов), Қонысбаев (Нөсербаев), Әлиев, Дика (Хайруллин), Петрониевич, Остапенко (Нұрдәулетов), Гридин (Сейсенбеков).
"Астана" клубы кезекті жолдастық кездесуін 4 ақпанда өткізеді. Бұл жолы жерлестерімізге Кишенвтің "Академия УТМ" командасы қарсылас атанбақ.


fca.kz