KZ
KZ RU
13 қыркүйек 2022 15:53

Сергей Кейлердің голы тамыз айынның үздігі деп танылды

13 қыркүйек 2022 15:53

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы тамыз айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Футбол жанкүйерлерінің таңдауына өткен айда еліміздің OLIMPBET-Чемпионаты және OLIMPBET-Кубогы аясында соғылған 8 гол ұсынылды.

Сауаланама қорытындысы бойынша тамыз айының үздігі болып «Қайраттың» капитаны Сергей Кейлердің «Ақжайық» қақпасына бағытталған нәтижелі соққысы танылды. Бұл гол респонденттердің 37,55% көңілінен шықты.

Екінші орынға Қазақстан Кубогының бесінші турында «Ақжайық» қақпасына соғылған «Қайсардың» жас жартылай қорғаушысы Елисей Горшуновтың голы (27,2%) ие болды.

Үздік үштікті «Қызыл-Жар» командасының өкілі Жиан Мартинстің (15,2%) «Тұран» қақпасына соғылған голы қорытындылады.