KZ
KZ RU
13 сәуір 2012 01:39

Сергей Хижниченконың жүз ойыны

13 сәуір 2012 01:39

20 жасар шабуылшы Қазақстан біріншілігіндегі алғашқы ойынын 16 жасында өткізіпті. Сол кезде Өскеменнің "Востогында" өнер көрсеткен Хижа 2008 жылдың 8 наурызында Көкшетауда жергілікті "Оқжетпеске" қарсы алаңға шыққан. Бірақ бірінші ойында негізгі құрамнан орын алған жоқ. Таблодағы көрсеткіш 1:1 есебін көрсетіп тұрғанда Евгений Антоненконы алмастырған. Ойыны ұнап қалса керек, сол кезде "Востокты" жаттықтырған украиндық маман Александр Голоколосов бұдан кейін де жас дарынға сенім артып жүрді. Сөйтіп, Хижниченко "Восток" сапында барлығы 36 матч өткізіп, 7 голдың авторы атанған. Одан кейін "Локомотив" сапында 15 кездесуде 2 гол соқты. "Атырау" клубына ауысып, 14 ойында бір мәрте гол соқты. Былтырдан бері "Шахтер" сапында жасындай жарқылдап, 35 матчта 17 гол соққан.

Сонымен, Хижниченко Премьер-лигада барлығы 100 кездесу өткізіп, 27 голдың авторы атаныпты.



Автор: Думан Балықбаев
sports.kz