KZ
KZ RU
25 қараша 2015 11:51

Сергей Пак – қосалқы кұрамының ең үздік бапкері

25 қараша 2015 11:51

Біріншіліктің ең үздік бапкерін анықтау үшін әр бапкерге өз пікірі бойынша үздікті үш бапкерді атауға ұсыныс жасалды. Аталған бірінші бапкер үш ұпай алды, екіншісі – екі, үшіншісі – біреу. Ең көп ұпай алған бапкер жеңімпаз болып жарияланды.

Сергей Пак, "Тараз" қосалқы құрамының бас бапкері

«Тараз» бапкері Сергей Пак 22 ұпай жинады (4 бірінші орын, 4 – екінші орын, 2 – үшінші орын).  Екінші орынға «Атыраудың» бапкері Тимур Үкібаев (18 ұпай; 4-1-4) иеленді. Үшінші орынға қайраттық Максим Шевченко (18 ұпай; 3-3-3) жетті. Ол бірінші орындар саны бойынша Үкібаевты алға жіберді. Барлығы осы пікір сұрауында 6 бапкердің есімі аталды.

Тимур Үкібаев, "Атырау" қосалқы құрамының бас бапкері

Сергей Пак жаттықтыратын «Тараздың» қосалқы ойыншылары өткен чемпионатта 33 ойынның ішінде 15 жеңіс тауып, 7 матчта қарсыластармен тең түсті. 11 ойында тараздықтар қарсыластарына жеңілді. Егер қосалқы құрам арасындағы жарыста олар тек қана 7 орынға иеленсе, жылдың екінші жартысын «Тараз» ойыншылары өте мықты өткізді. Нәтижеде бұл еңбек оларға Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кубогын әкелді.

Максим Шевченко, "Қайрат" қосалқы құрамының бас бапкері

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жеңімпазды құттықтап, оның шәкірттеріне әрқашанда өз деңгейін дамуын тілейді.

Басқа номинациялар жеңімпаздары туралы - келесі мақалаларда.

Премьер-лига клубтарының қосалқы құрам арасындағы үздік бапкер

Кім кімге дауыс берді:

Клуб

Фамилия, имя

№ 1

№ 2

№ 3

«Астана»

Александр Оголь

Оголь

Шевченко

Үкібаев

«Қайрат»

Максим Шевченко

Пак

Лотов

Үкібаев

«Ақтөбе»

Валерий Алемаскин

Шевченко

Пак

Үкібаев

«Ордабасы»

Андрей Ваганов

Шевченко

Пак

Үкібаев

«Атырау»

Тимур Укубаев

Пак

Лотов

Шевченко

«Ертіс»

Андрей Кучерявых

Пак

Ваганов

Шевченко

«Тобыл»

Олег Лотов

Үкібаев

Шевченко

Пак

«Оқжетпес»

Сергей Цыпленков

Пак

Укубаев

Лотов

«Тараз»

Сергей Пак

Үкібаев

Шевченко

Лотов

«Шахтер»

Сергей Дубков

Шевченко

Пак

Лотов

«Жетісу»

Ахмет Барзукаев

Үкібаев

Пак

Шевченко

«Қайсар»

Канат Шеримбетов

Үкібаев

Лотов

Пак