KZ
KZ RU
31 наурыз 2014 10:53

Сергей Семенович Гусев өмірден озды

31 наурыз 2014 10:53

Өз өмірінде Сергей Семенович Қазақстан Республикасы Төрешілер және нұсқаушылар корпусының өркендеуіне үлкен үлесін қосқан. Жоғары Ұлттық дәрежедегі арбитр. Ұзақ жылдар бойы КСРО чемпионаттары мен біріншіліктерінде төрешілік қызметтер атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасының чемпионатында инспектор болды. 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан футбол федерациясының Футбол арбитрлары коллегиясын басқарды.

Қазақстан футбол төрешісі Сергей Семенович Гусевтің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасының ұжымы марқұмның жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Сергей Семенович Гусев мәңгілікке жадымызда болады!