KZ
KZ RU
02 ақпан 2016 10:42

Сергей Волгин: «1992 жылғы чемпионатта жұлдыздар саны көп болды»

02 ақпан 2016 10:42

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осы мерейтойға және оның тарихына орай мақалалар сериясын бастайды. Алғашқы чемпионат 1992 жылы өткені белгілі. Сол жылы чемпиондық атақты және Кубокты алматылық «Қайрат» алып, үздік ойыншысы ретінде жартылай қорғаушы Сергей Волгин аталды. Біздің баспасөз қызметіне берген сұхбатында Совет және Қазақстан футболының ардагері бірінші чемпионатты есіне алып, көптеген қызық нәрселерді айтып берді.

-Сергей Василийұлы, сіз алғашқы чемпионатта ойнадыңыз. Сол футбол маусымы туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?

- Ашығын айтсақ, өте көп уақыт өтті. Бірден бәрін есіне түсіру қиын. Сол жарыстың деңгейі өте жоғары болды, себебі көптеген командалар былтыр Совет Одағының чемпионатында ойнаған. Жеңісті ешкім-ешкімге оңай берген жоқ. Ерекше менің есіме біздің Ақтөбе футболшыларына қарсы ойыны түсті. Сол матч Қазақстан чемпионаттардың тарихында алғашқы ойын ретінде сақталды. Алматының Орталық стадионында «Қайрат» 3:1 есебімен жеңді. Мен екі доп соқтым. Тағы бір гол Владимир Нидергаустың есепшотында. Қарсылас команданың жалғыз голдың авторы – Андрей Мирошниченко. 

- Команданы Бақтияр Байсейітов жаттықтырды ма?

- Иә, ал оған Құрбан Бердыев көмектесті. Командамыз мықты болды – тәжірибелі ойыншылар ойнады, жас футболшылар да өнерін көрсетті.

- «Қайратқа» қарсы командалар ерекше мақсатпен шықты ма?

- Солай деп ойлаймын, себебі алматылық команда Совет Одағының жоғары лигасында өнерін көрсетті. Қазақстанның ең мықты ойыншылары «Қайратқа» жылдар бойы ауысты. Мысалы, 1992 жылдың алдында командамыз қарағандылық «Шахтердың» көшбасшылары Валерий Яблочкин және Асқар Әбілдаевты өзіне тартып алды. Сол чемпионатта «Қайрат» тек қана бір ұпайға шымкенттік «СКИФ-Арсеналды» және павлодарлық «Ансатты» озып жеңді. Шымкентте де, Павлодарда да командалар мықты және ерекше болды. Соларды көруге қаншама адамдар стадиондарға барды!

- Чемпионаттағы инфрақұрылым қандай болды?

- «Қайраттың» қазір де жұмыс істейтін Каблукова көшесінде базасы болды. Қарағандылықтар да өз қаласында керемет базамен қолданды. Стадиондардың алаңдары да жаман емес еді. Мысалы, Кентау қаласында біз жап-жаңа стадионда, жоғары деңгейлі алаңында ойнадық. Тек Ақтауда біз құмның үстінде төселген алаңға шықтық. Сондай алаңда ойнау ойыншылар үшін қиынға шықты.

- Теледидарда Қазақстан біріншілігін қаншалықты жиі көрсетті?

- Өкінішке орай, осыны білмеймін.

- Еліміз тәуелсіздігін желтоқсан айында алды, ал чемпионат келесі жылдың сәуір айында басталды. Клубтар қаржының жетіспеушілігіне ұшырады ма?

- Командалардың қазіргі қаржыларымен салыстыруға да мәні жоқ. Қала, облыс басшыларының мәселелері көп болды, сондықтан футбол артта қалды. Бірақ чемпионат қатысушылары ақша үшін емес, футболға деген махаббаты үшін алаңға шықты.

- Қазіргі чемпионаттың деңгейімен салыстыра аласыз ба?

- Маған салыстыру өте қиын, себебі келесі жылы мен Ресейге ойнауға аттандып, ал сосын бапкер ретінде ғана оралдым. Бірақ, менің ойлауымша, қазір Премьер-лига легионерлердің арқасында жоғары деңгейге жетті. Біздің кезімізде «легионер» деген сөзді де ешкім білген жоқ, өйткені чемпионатта тек қана өз футболшыларымыз ойнады. Қазір легионерлермен қатар өзіміздің мықты ойыншыларымыз да бар. Мысалы, Исламхан, Покатилов, Логвиненко секілді футболшыларымызды атауға болады.

- Сіз 1992 жылы маусымның үздік ойыншысы атағын жеңдіңіз. Солай болады деп ойладыңыз ба?

- Иә, мен үшін сол атақ кездейсоқ болғандай, себебі оған лайық көптеген мықты ойыншылар сол чемпионатта ойнады.

- Қазір мамандар Қазақстан Премьер-лигасы ТМД елдеріндегі чемпионаттардың арасында Ресей мен Украинанадан кейін үшінші орында дейді. Осы пікірмен келісесіз бе?

- Ол жағын айту қиын, себебі көптеген чемпионаттардың ойындарын көрген емеспін. Естуімше, Әзірбайжан чемпионаты біздікіндей мықты. Бірақ, мамандар солай айтса, мен де әйтеуір келісемін ғой.

- Сергей Василийұлы, сіздің соңғы жұмыс орныңыз оралдық «Ақжайық» болатын. Бапкерлікке енді қашан ораласыз?

 - Егер кез-келген клубтан маған нақты ұсыныс келсе, онда келісетін шығармын. Не де болса, футболға әрқашан да оралуға дайынмын.