02 наурыз 2020 13:52
Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегері - Азат Нұрғалиев
02 наурыз 2020 13:52
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қостанайлық «Тобыл» командасының капитаны Азат Нұрғалиевті Серік Жейлітбаев атындағы естелік сыйлықпен марапаттады.
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде 2013 жылы тағайындалды. Сол жылы 38 жастағы футболшы дүниеден озған болатын. Серік Жейлітбаев кеңес кезеңінде «Олимпия», Ресейдің «Сібір», түркіменнің «Ниса», қазақстандық «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Шахтер», «Есіл», «Ертіс», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.
Үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде маусым аяғында футболдан Қазақстан чемпионатында ең көп матч өткізген ойыншыларға беріледі.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ел чемпионатында 416 матч өткізген Қазақстан Ұлттық құрамасы мен қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев жүлдеге ие болды. Футболшыға естелік сыйлықта Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев тапсырды.
Басқа жаңалықтар