Серікжан Мұжықов пен Дмитрий Шомко «Астанаға» қосылды
Шомко бұған дейін "Астанада" 2011 жылы өнер көрсеткен. 23 жасар футболшы ол кезде елордалықтардың сапында 11 ойын өткізіп, екі нәтижелі пастың авторы атанған. Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында Шомко барлығы 121 кездесуге қатысып, қарсылас қақпасына сегіз гол соғыпты. Керекулік "Ертістің" сапында ел біріншілігінің күміс және қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ, Дима Шокмо Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бастап, жастар құрамасына және ұлттық құрамаға ойнаған. Ұлттық құрама сапында барлығы 10 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атныпты.
Ал Серікжан Мұжықов "Астанаға" келгенше тек Талдықорғанның "Жетісуында" ғана өнер көрсеткен. "Жетісулықтардың" сапында ел біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алған. Қазақстан Премьер-лигасында Мұжықов барлығы 129 рет алаңға шығып, 12 гол соққан екен. 24 жасар футболшы ұлттық құрама сапында алты ойын өткізген.
Айта кетейік, "Астана" бұл күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 13 қарашада жерлестеріміз жергілікті "Дубай" футбол клубымен жолдастық-бақылау кездесуін өткізеді.