KZ
KZ RU
14 наурыз 2022 16:56

Сейілдә Байшақов Сергей Малыйға жүлдені табыстады!

14 наурыз 2022 16:56

2021 жылғы маусымнан бастап Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен маусымның үздік қорғаушысы жүлдесіне ХХ ғасырдағы Қазақстанның үздік футболшысы Сейілдә Икрамұлы Байшақов есімі берілді.

Байшақов ойыншы ретінде жамбылдық «Энергетик» пен алматылық «Қайрат», сондай-ақ КСРО құрамасында өнер көрсетіп, отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосты. КСРО командасынының құрамында Сейілда Икрамұлы Венгрия мен Грекия құрамаларына қарсы екі матч өткізді. Алматылық «Қайрат» сапында Байшақов 10 жылдан астам уақыт өнер көрсетіп, команданың капитаны болды. Жалпы алғанда алматылық клубтың сапында 296 кездесу өткізіп, 11 голдың авторы атанды.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ол «Қайратта» жаттықтырушы болып жұмыс істеді, Қазақстанның футбол федерациясында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, федерацияның Вице-президенті және Президенті болды.

Байшақов атындағы жүлденің бірінші лауреаты болып қостанайлық «Тобылдың» қорғаушысы Сергей Малый атанды. Ол өзінің сенімді ойынымен OLIMPBET-Қазақстан 2021 чемпионатының алтын медальдарын жеңіп алуына үлкен үлес қосты.

Жаңа маусымның басында Малый аталмыш жүлдені Сейілдә Икрамұлының қолынан алуға мұмкіндікке ие болды!

- Кез-келген марапатты жеңіп алу және алу өте жақсы. «Тобылдың» барлық ұжымына алғысымды білдіргім келеді, бұл марапат — бүкіл ұжымның қажырлы еңбегінің жемісі. Әрине, менімен бірге барлығын маусым бойы бастан кешіретін және қолдайтын отбасыма үлкен рахмет айтамын! Бірақ өткен жетістіктер ешкімді қызықтырмайтынын атап өткім келеді, сондықтан біз жаңа маусымда алға қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз, - деді Малый.