KZ
KZ RU
28 тамыз 2020 10:04

Сейілда Икрамұлы 70 жасқа толды!

28 тамыз 2020 10:04

 Ойыншы ретінде Сейілда Байшақов алматылық «Қайраттың» сапында үш жүзге жуық ойын өткізіп, тамаша футбол ғұмырын кешті. Сонымен қатар ол СССР құрамасының құрамында ойнаған қазақстандық ойыншылардың қысқа тізіміне кіреді.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Байшақов өзінің талантын, еңбекқорлығын және кәсіби біліктігін әр түрлі қызметтерде көрсете біліп, отандық футбол мен мини-футболдың дамуына зор үлес қосты. Ол Қазақстанның ұлттық футбол лигасының құрылуына және кәсіби жағынан қалыптасуына үлкен пайдасын тигізді.

Сейілда Икрамұлының есімі қазақ футболының тарихында алтын әріптермен жазылған, ал оның жетістіктері жас ойыншыларға үлгі болмақ.

Оның жұмысы мемлекеттік деңгейде бағаланып, кеше Байшақов «Парасат» орденімен марапатталды.

Бүгінгі күні Сейілда Икрамұлы қазақ футболының дамуына пайдасын тигізіп, Қазақстан футбол федерациясының президентінің кеңесшісі болып қызмет етуде.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұжымы және отандық клубтар Сейілда Икрамұлын 70 жас мерей тойымен шын жүректен құттықтайды! Туған күн иесіне зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр және футбол жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!