KZ
KZ RU
15 наурыз 2022 12:59

«Шахтер» - «Ақсу» ойыны кейінге қалдырылды

15 наурыз 2022 12:59

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты 3-турының «Шахтер» - «Ақсу» ойыны кейінге қалдырылды.

Стадион алаңының тексеру жұмыстары жүргізілді. Төсеніштің беті қармен жабылған, Қарағанды қаласында орын алған аязды ауа райы және мезгіл-мезгіл жауатын жауын-шашын алаңды ойынға дайындау жұмыстарын қиындатады, сонымен қатар аталмыш жағдай ойыншының денсаулығы үшін жарақат алып қалу қауіпін жоғарлатады.

Алаңның қазіргі кездегі жағдайы мен ауа райының болжамын ескере отырып, аталмыш кездесуді басқа күнге ауыстыру туралы шешім қабылданды.