KZ
KZ RU
23 желтоқсан 2013 15:57

«Шахтер» еурододадан қанша табыс көрді?

23 желтоқсан 2013 15:57
Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен «кеншілердің» Чемпиондар лигасының да негізгі кезеңіне жолдама алатын мүмкіндігі болған. Тек плей-офф кезеңінде ғана Шотландияның «Селтигіне» жол беріп қойды.
 
Сонымен, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткені үшін «Шахтер» УЕФА-дан 2,1 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. Оған қоса Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алған әрбір 48 командаға 1,3 миллион еуродан бөлінеді. Ал топтық кезеңде жеңіске жетсең, 200 мың еуро, тең ойнасаң 100 мың еуро аласың.
 
Осылайша, Қарағандының "Шахтері" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнағаны үшін және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып, екі кездесуде тең түскені үшін УЕФА-дан барлығы 3,6 миллион еуро көлемінде сыйақы алады

Автор: Станислав Раскоп

sports.kz