KZ
KZ RU
10 тамыз 2021 23:18

«Шахтер» ФК Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтаймыз

10 тамыз 2021 23:18

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы қарағандылық «Шахтер» футбол клубын украиналық «Колосты» екі ойын қорытындысы бойынша жеңіп, УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне өтуімен құттықтайды.

«Шахтер» өзін жауынгерлік рухы мен жігері бар команда ретінде көрсетті. «Колоспен» болған қос ойын голдарсыз аяқталды. Өз күштеріне сенімді қарағандылықтар қосымша уақыт аяқталғаннан кейін пенальти сериясында өз шеберліктерін көрсетті. Серияның нағыз қаһарманы болып «Шахтердің» тәжірибелі қақпашысы Игорь Шацкий атанды, ол қарсылас ұрған төрт пенальтидің үшеуін қайтарды.

УЕФА Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтердің» қарсыласы «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) – «Спартак Трнава» (Словакия) жұбының жеңімпазы болады. Бұл командалар арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Қарымта ойын 12 тамызда өтеді.

Еурокубок турнирлерінің қарымта ойындарында «Қайрат», «Тобыл» және «Астана» футбол клубтарына сәттілік тілейміз!