KZ
KZ RU
18 қазан 2019 09:14

«Шахтер»-«Оқжетпес» ойынының өтетін күні өзгерді

18 қазан 2019 09:14
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Чемпионатының 31-турындағы «Шахтер»-«Оқжетпес» ойынының өтетін күні өзгергенін хабарлайды. Екі клубтың келісімі бойынша ойын 27 қазаннан 26 қазанға ауыстырылды. Сонымен қатар, Қарағанды қаласындағы «Шахтер» және Теміртау қаласындағы «Металлург» стадиондарына Премьер-лига ойындарын өткізуге тыйым салынуына байланысты қарағандылық футболшылар 29 және 31 тур ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында «Астана Арена» стадионында өткізеді.