KZ
KZ RU
01 ақпан 2012 18:12

«ШАХТЕР» соңғы жиынына аттанды

01 ақпан 2012 18:12

Оқу-жаттығу жиыны ақпанның 15-не дейін жалғасады. Осы аралықта негізгі құраммен төрт жолдастық кездесу өткізу жоспарда бар. Спаринг-қарсыластарымыз да белгілі: 3 ақпанда «кеншілер» Грузияның «Гагра» клубымен кездеседі, 8-інде ел чемпионы Польшаның "Гурник" командасына қарсы алаңға шығады, ақпанның 10-ы күні Өзбекстанның "Бунедкор" клубымен текетіреседі, а 14 ақпанда «Шахтер» үшінші оқу-жаттығу жиынын Украинаның «Севастополь» клубымен қорытындылайды. Ескерте кетейік, "Шахтердің" негізгі құрамы аза көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Дегенмен, колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырды. 21 жасар саңлақ мұның алдында Польшаның "Ягеллония" клубында доп тепкен.

Енді тек бір ғана шепке ойыншы қарастыру керек. Өткен жылы Ұлан Қонысбаев ойқастаған жартылай қорғаныстың оң қапталынан орын алуға бірден бірнеше легионер үміткер. Олардың арасында Армения чемпионы Норайр Саакиян, беларус Артем Васьков, және Сербия мен Колумбия елдерінің де саңлақтары бар. Әлбетте, олардың үздігі ғана Қонысбаевтың орнын басатын болады.

 

 

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Шахтер» ФК медиа-офицері.