KZ
KZ RU
29 маусым 2017 18:45

"Шахтер" стадионы ҚКФЛ жарыстарын өткізуге рұқсат алды

29 маусым 2017 18:45
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының алаңдарды тексеру комиссиясы "Шахтер" стадионының (Қарағанды қ,) алаңын қайта тексерді.
 
Еске сала кетейік, ертеректе бас алаңның төсенішінің сапасы Комиссия мүшелерін қанағаттандырмағандықтан бұл стадионда ҚКФЛ аясындағы барлық ойындарды өткізуге тиым салынды.
 
Стадион әкімшілігі Комиссия берген барлық кеңестерге құлақ салып, стадион төсенішінің сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді, бұл жұмыстар нәтижесінде алаң төсеніші қысқа мерзім ішінде қанағаттандырарлық күйге келді.
 
Футбол алаңының сапасы жақсарғандықтан Комиссия бұрын қойылған тиым салу шарасын қайтарды. Енді бұл стадионда ҚКФЛ аясында өтетін барлық жарыстарды өткізуге рұқсат берілді, бірақ бұрын берілген кеңестерді сақтау маңызды. "Шахтер" командасының бас және жастар кұрамы Қарағанды қаласының бас аренасында өзінің үйдегі ойындарын өткізуге толық құқылы.