KZ
KZ RU
22 желтоқсан 2012 16:52

«Шахтер» жиынын Түркияда өткізуде

22 желтоқсан 2012 16:52

Жиынға "Шахтердің" негізгі құрамынан бөлек, жастар командасынан И. Шацкий, Х. Матаев, А. Сахимов, Т. Жаңғылышбай, В. Ахмеев және В. Ли сынды жігіттер шақыртылды. Сондай-ақ, өткен маусымда өзге командаларда ойнаған П. Чесновский, В. Седельников, Жігер Көкеев, Б. Семлер және Д. Тәжімбетов бапкерлер сынағынан өту үшін жиынға келген.

Өздерінің бірінші ойындарын "кеншілер" Алматының «Қайратымен» өткізді:




14 желтоқсан, «Шахтер» – «Қайрат» – 0:2
Голдар: Сахалбаев 55 пен. (0:1), 70 (0:2)
«Шахтер»: Мокин, Габышев, Тарасов, Василевич, Порываев, Семлер (Байжанов), Каньяс, Вичюс (Боровский), Ахмеев (Ли), Хижниченко (Седельников), Тәжімбетов (Вишняковс)
"Қайрат": Шабанов, Воротников, Дафф, Шестаков, Эредиа, Недашковский, Кейлер, Жолдасов, Вяткин, Әбдраманов, Байжанов. Ойын барысында алаңға шыққандар: Калинин, Дарабаев, Сахалбаев, Тайыпов, Ахметов, Розыбақиев.


Келесі кездесулерін Қарағандының командасы Малаизия жастар (U-21) құрамасына қарсы өткізді.
16 желтоқсан, «Шахтер» — сб. Малайзии — 3:0
Голдар: Вишняковс 20 (1:0), 29 (2:0), Малый 57(3:0)
«Шахтер»: Шацкий (Матаев), Айменов (Ахмеев), Солошенко, Седельников (Тарасов), Борантаев, Жігер Көкеев (Малый), Балов (Ли), Люхай, Боровский, Жаңғылышбай, Вишняковс


Одан кейін Ресейдің Нальчик қаласының намысын қорғайтын "Спартакпен" шеберлік байқасты. Бұл командамен бір күнде екі рет кездескенімен екуінде де "Шахтер" алаңға екі бөлек құрамда шықты.
Бірінші ойынға "кеншілердің" бас бапкері алаңға тәжірибелі ойыншылармен қатар, командаға қосылудан үмітті жастарды және сынақта жүрген жаңа ойыншыларды да алаңға шығарды. Жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп - 0:0. Екінші кездесуде негізінен тәжірибелі ойыншылар өнер көрсетті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз жеңіліп қалды. Бірінші таймда гол соғып алған ресейліктер ойын соңына дейін қорғаныста болып, өздеріне керек есепті сақтап қалды, - 0:1.

19 желтоқсан, «Шахтер» – «Спартак-Нальчик» – 0:0
«Шахтер»: Мокин (Невокшонов), Габышев, Тарасов (Малый), Василевич, Порываев, Семлер (Жамбыл Көкеев), Байжанов (Вичюс), Каньяс, Ахмеев (Ли), Хижниченко (Финонченко), Тәжімбетов

19 желтоқсан, «Шахтер» – «Спартак-Нальчик» – 0:1
«Шахтер»: Шацкий, Седельников, Солошенко, Борантаев, Боровский, Балов (Сахимов), Жігер Көкеев (Люхай), Вишняковс, Жаңғылышбай, Тарасов, Айменов.


Ел чемпиондарының Түркиядағы жиыны 27 желтоқсанға дейін жалғасады.