KZ
KZ RU
09 ақпан 2012 15:49

"Шахтердің" жеңісі

09 ақпан 2012 15:49

Біздің бүгінгі қарсыластарымыз Польшаның өнеркәсібі дамыған Забже қаласының командасы. Аталмыш чемпионаттың Экстра-классында (жоғарғы лига) өнер көрсетеді. Бұлар Польша чемпионатында бірнеше рет топ жарған. Тарихы бай клуб.

       Ойын қарағандылықтардың айқын басымдығымен өтті. Соған қарамастан матчта тек бір-ақ гол соғылды. 31-минутта Жамбыл Көкеевтің орындаған айып добын "кеншілердің" жартылай қорғаушысы Мақсат Байжнов голға айналдырды.

Бұл кездесуде «Шахтер» негізгі құрамда ойнады: Мокин, Василевич, Джидич, Порываев, Байжанов, Финонченко, Хижниченко, Көкеев, Киров, Даэниел Майкич.

Сондай-ақ, мына саңлақтар да алаңға шықты: Тарасов, Боровский, Досманбетов, Лунин, Каньяс, Хайро.

Келесі бақылау матчын қарағандылықтар 10 ақпанда Өзбекстан чемпионы "Бунедкорға" қарсы өткізеді.


shahter.kz