KZ
KZ RU
16 қаңтар 2014 13:38

«Шахтёр» «Насаф» командасынан жеңіліп қалды

16 қаңтар 2014 13:38
Өткен жылдағы Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы кездесуі, яғни Израильдің "Хайфасына" қарсы шыққан футболшылардан тек Алдин Джидич қана негізгі құрамнан орын алды. Сондай-ақ, Сергей Малай мен Андрей Порываев үзілістен кейін алаңға шықты. Ал қалған ойыншылардың барлығы клубқа жаңадан қосылғандар, не жастар еді.

Бірінші болып есепті қарағандылықтар ашты. Ұлан Қонысбаевтың бұрыштамадан тамаша асырған пасын Алдин Джидич голға айналдырған. Өкінішке қарай, екінші таймда қақпаларына жауапсыз екі гол жіберіп алды. Қорытынды есеп - 1:2.

«Шахтёр» — «Насаф» (Өзбекстан) 1:2 (1:0)
Гол: 
Джидич (1:0). 


Автор: Думан Балықбаев

sports.kz