KZ
KZ RU
07 тамыз 2018 10:25

Шілде айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

07 тамыз 2018 10:25
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
17 ұпай жинаған «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Премьер-лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы атанды. 
 
Шілде айының үздік бас бапкері атағын «Астана» жаттықтырушысы Роман Григорчук иеленді. Ол 9 дауыс жинады.