KZ
KZ RU
12 желтоқсан 2014 18:15

ШЫМКЕНТТІҢ «ҚЫРАН» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ НА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

12 желтоқсан 2014 18:15
Биыл  футболдан  Қазақстан  чемпионатының  бірінші  лига командалары  арасында  Шымкенттің   намысын  қорғайтын  «Қыран»   футбол  командасы  ІІ  орынды  жеңіп  алды.  Қоржындарында 60 ұпаймен футбол  маусымын  аяқтаған  шымкенттік футболшылар  алғаш  рет  күміс   жүлдегер   атанды.
Осы  жетістікке  орай,  Оңтүстік  Қазақстан облысы  әкімінің  орынбасары  Сәкен  Қаныбеков  2014 жылы  Қазақстан  чемпионатында  күміс   жүлдеге ие  болған  Шымкенттің «Қыран» футбол  командасын  қабылдап,  құрмет  көрсетті.   Футболшылар  мен    бапкерлер  Қазақстан    кәсіби  футбол  лигасының  төрағасы  Олжас  Абраев  қол  қойған  дипломдар  мен  күміс  жүлдемен  марапатталды. Басқосуға   «Ордабасы»   кәсіби   футбол  клубының  президенті  Берік  Омарбеков, клуб   директоры  Талғат  Пошимов  пен   сала  мамандары  қатысты.
     Оңтүстік Қазақстан  облысының әкімі,  облыстық  футбол  қауымдастығының   төрағасы Асқар Мырзахметов пен  облыс  спортының  басшысы Әлібек  Нұртаев  «Қыран» футбол  командасына  әрдайым  қолдау  көрсетіп,  оларға  зор  сенім  артып  келеді.
      Облыс  әкімі Асқар  Исабекұлы  Мырзахметовтің  бастамасымен   отандық   футбол  шаруашылығын  дамыту  мақсатында  2011 жылы «Тарлан» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды. 2011 жылғы 3 мамырдағы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен «Тарлан» футбол клубы «Қыран» футбол клубы мемлекеттік коммуналдық   қазыналық  кәсіпорны болып  қайта  аталды. 
   Жиында  облыс  әкімінің  орынбасары Сәкен  Қаныбеков  талантты футболшылар  мен  бапкерлерге  алғыс  айтып,  алдағы  футбол  маусымында  жарқын  жетістіктерге  жете  берулеріне  тілектестік  білдірді. «Қыран» командасынан  еліміздің  премьер  лига  клубтарына    дарынды  футболшылардың  көптеп  тәрбиеленулеріне    сенім  білдірді.
 Айта   кетерлігі,   «Ордабасы» футбол   командасының  президенті   Берік  Омарбеков     қырандықтардың  сапында  үздік  ойын  көрсеткен  Бекзат  Жақсыбайұлы  мен  Бағлан  Бөрібай  сынды  бірқатар  талантты  ойыншыларды  сынақтан  өту  үшін   оқу-жаттығу  жиынына  шақырды.
Ал,  облыс  спорты  басшысы Әлібек  Нұртаев  білікті  бапкерлер  Амерби  Динаев  пен  Әуелбек  Дербісбаевті, сонымен  қатар,биылғы  Қазақстанның  футбол  чемпионатында «Ең үздік  футболшы» атанған   Санат  Жұмаханов,  команда  капитаны Жандос  Әметовті, талантты  ойыншылар Бекзат  Жақсыбайұлы  мен  Қайсар  Аймұрзаевты  Алғыс  хатпен  марапаттады.
 
«Қыран»  футбол  командасының  баспасөз  орталығы