KZ
KZ RU
08 тамыз 2018 15:53

Симчевич голы – Премьер-лиганың 21-турының үздігі

08 тамыз 2018 15:53
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен турда жанкүйерлер 12 голдың куәсі болды. Оның біреуі пенальтден салынды. 
 
Сауалнама дәстүр бойынша Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланды.
 
«Ақтөбе» командасының капитаны Александр Симчевичтің «Астана» қақпасына соққан добы турдың ең үздік голы атанды. Ақ-қызылдардың сербиялық қорғаушысы стандарттан гол соққан болатын. Оның соққан голы жанкүйерлердің 722 дауысын жинады. 
 
Үздік үштік келесідей:
 
1. Александр Симчевич голы (Ақтөбе – Астана) – 722 дауыс;
2. Братислав Пуношевац голы (Атырау - Қайсар) – 444 дауыс;
3. Неманья Коич голы (Тобыл - Ордабасы) – 296 дауыс.
 
Александр Симчевич добы «Тамыз айының үздік голы» номинациясына алғашқы үміткер болып отыр.