Слободан Крчмаревич - бас бапкер
Бас бапкер қызметінде серб маманы Слободан Крчмаревич тағайындалды. Сондай-ақ, бұл маманның жастар құрамасын да жаттықтыратынын білеміз. Бапкерлер құрамына небойша Топалов аға жаттықтырушы ретінде кіріссе, Ненад Лукич қақпашылар бапкері болып бекітілді. Ал Әнуар Биданов клуб әкімшісі қызметіне кірісті.
Биографиялық анықтама:
Слободан Крчмаревич
Туған жылы:
Азаматтығы: Сербия
УЕФА Лицензиясы : PRO
Ойыншылық ғұмыры:
«ОФК» (Белград, Сербия)
«Партизан» (Белград, Сербия)
«АИК» (Стокгольм, Швеция)
«Аполлон» (Лимассол, Кипр)
«Анортосис» (Фамагуста, Кипр)
«ПАОК» (Салоники, Грекия)
«Панионис» (Афины, Грекия)
Ойыншы ретіндегі жетістігі:
1992 ж. — Сербия кубогының иегері («Партизан», Белград)
1993 ж. — Сербия чемпионы («Партизан», Белград)
1994 ж. — Кипр чемпионы («Аполлон», Лимассол)
1998 және 1999 жж. — Кипр чемпионы («Анортосис» Фамагуста)
1998 және 1999 жж. — Кипрдің үздік ойыншы
Бапкерлік ғұмыры:
2011 жылдың мамырының 11-інен бастап. — Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері (
2011 жылдың 13 қазанынан бастап — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкерінің қызметін атқарушы (
Бапкерлік жетістіктері:
— Сербия біріншілігінің қола жүлдегері - 2007 жыл (ОФК).
— Сербия жастар құрамасымен 2009 жылы Швецияда өткен Еуро біріншілігінде үздік алтылыққа енген
— 2004 және 2005 жылдары "Партизан" командасымен ел чемпионатының дубльдік құрамдары арасында жеңіске жеткен.
— Сербия жастар құрамасымен Лилль, Гамбург, Бари, Белград сынды қалаларда өткен көптеген турнирлерде жеңіске жеткен.
фото: prosport.kz