KZ
KZ RU
06 наурыз 2018 11:34
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

Смақов пен Финонченко Суперкубоктың ашылу салтанытына қатысты

06 наурыз 2018 11:34
Ел футболының аңыздары Самат Смақов пен Андрей Финонченко Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шақыртуымен Суперкубок елшілері ретінде жаңа маусымның алғашқы ойынының ресми ашылу салтанатына қатысты.   
 
Смақов пен Финонченко трофейді жұршылыққа ұсынып, стадионда жиналғандарды қошеметтеді. Самат және Андрей ойынның ресми елшілер болып тегінен таңдалған жоқ, екеуіде бұдан бұрын ҚР Суперкубогы үшін ойындарда жеңімпаз атанаған.
   
39 жасар Самат Смақов кәсіби ойыншы мансабын былтырғы маусым соңында аяқтады. ФутболшыкезіндеСмақов «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Резиспор» (Түркия) және «Ордабасы» командаларының намысын қорғады. Ол - Қазақстан чемпионатының алты дүркін чемпионы, екі дүркін Қазақстан Кубогының иегері. Смақов екі ретСуперкубокты ұтты. Сонымен қатар Самат Смақов Қазақстан ұлттық құрамасының өткізген ойындары бойынша рекорд иесі.
 
Қазір Самат Кабирұлы «Ақтөбе» футбол клубының басшысы ретінде қызмет етуде.
 
35 жасар Андрей Финонченко ойыншылық ғұмырын тек қарағандылық «Шахтерға» арнады, «кеншілер» құрамындаол 16 маусымойынады. «Шахтер» футболшысы ретінде ол екі мәрте Қазақстан чемпионы, бір рет Қазақстан Кубогының иегері атанды. Сонымен қатар, Финонченко 2013 жылы Суперкубокта жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында ол 21 кездесу өткізіп, 4 доп соқты.   
 
2017 жылғы маусым басталмас бұрын Андрей Финонченко ойыншылық мансабына нүкте қойып, «Шахтердің» бапкерлік құрамын толықтырды.