KZ
KZ RU
06 ақпан 2012 17:17

Соңғы жиын бәрінен маңызды

06 ақпан 2012 17:17

Қызылордалық клубтың басшылығы және бапкерлер кеңесінің шешімімен бұл жиынға мына ойыншылар шақырылды: Ч. Таңатқанов, А. Алайдаров, С. Сағындықов, Ә. Анарметов, Р. Эсатов, Т. Сыздықов, С. Көшеков, Д. Нарзилдаев, Ж. Молдақараев, А. Балтаев, М. Ысқақов, А. Тағыберген, О. Хромцов, Э. Әбдрахманов, М. Любимкин, Д. Дуйсембаев, А. Толегенов, Б. Семлер, Г. Црногорац, А. Стахив, А. Малков, И. Кучеренко, А. Менлихожа, А. Байтенов, Б. Әбуов, Вагнер Перейра және Т. Дощанов.

Басшылар құрамынан Анталияға мына мамандар аттанды: С. Когай (бас бапкер), В. Линчевский (жаттықтырушы), С. Әбілдаев (физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы), А. Ким (қақпашылар бапкері), А. Анарметов (команда басшысы), С. Дунесов (дәрігер), С. Аяпов (физиотерепевт), А. Толыбеков (бейнеоператор) және М. Сарсенов (әкімші).

Жерорта теңізінің жағалауында командаға легионерлер тобы мен қазақстандық төлқұжаттары бар бірнеше ойыншы қосылуы мүмкін. Олардың есімдерін атау әлі ерте.

Жиынның басты мақсаты - футболшылардың мүмкіндіктерін толық тексеріп, олардың арасындағы ең лайықтыларымен келісімшартқа отыру. Бірнеше жолдастық кездесу өткізу де жоспарда бар. Міне, жаңа ойыншылар өз мүмкіндіктерін сол матчтарда көрсете алады.


fckaysar.kz