«СОВЕТСКИЙ СПОРТ» ҚАЗАҚСТАНДА!
Бүгінгі«Советский Спорт» салиқалы брендке айналды. Оның аясында бірнеше басылым басылып шығады. Қазақстанға қайта оралуы Ресейде «Советский Спорт — ФУТБОЛ» апталығының жарық көруімен байланысты. Журналдың Қазақстандағы нұсқасының бірінші нөмірі «Советский Спорт- ФУТБОЛ — КАЗАХСТАН» атымен 10 қазаннан бастап шыға бастады..
— Жергілікті нарықтың сұранысына байланысты әр нөмірден 2 беттен 4 бетке дейін Қазақстан футболына байланысты жаңалықтар, сараптамалар мен репортаждар жариялап тұрамыз, - дейді «Советский Спорт- ФУТБОЛ — КАЗАХСТАН» журналының бас редакторы Дмитрий ГЛУШКОВ. — Бұл жобаны бастамас бұрын біз нарықты біраз зерттедік. Әлбетте, футболшылардың шеберліктерінің өсуі және Премьер-лига ойындарындағы көрермендердің көбеюі журналдың қарқынды дамуына септігін тигізеді деп үміттенеміз.