KZ
KZ RU
25 қараша 2019 18:32

Спорт директорлары бас қосты

25 қараша 2019 18:32

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы отандық футбол клубтарының спорт директорларының қатысуымен жиын өткізді.

 
Шара Нұр-Сұлтан қаласында жақында өтетін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиыны қарсаңында ұйымдастырылды. Спорт директорларымен өткен кездесудің форматы - талқылауға түскен әртүрлі тақырыптар төңірегінде пікір алмасу. 
 
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қатысушыларға Премьер-лига және Бірінші лиганың 2020 жылғы маусымның күнтізбесінің жобасын ұсынды. Сонымен қатар, Премьер-лига және Бірінші лига күнтізбелерінің бірінші және екінші айналымының жеребе тарту рәсімі де талқыланды. 
 
Күн тәртібінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ойыншы мәртебесі мәселесі де қарастырылды. Спорт директорларының жиынында қабылданған көзқарастар мен ұсыныстар 26 қараша күні өтетін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиынында қаралады.