KZ
KZ RU
20 маусым 2021 11:30

Срджан Благоевич — OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының мамыр айындағы үздік бас бапкері!

20 маусым 2021 11:30

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) мамыр айының қорытындысы бойынша 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкерін анықтады.

Сауалнама отандық командалардың бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Мамыр айының үздік бас бапкері болып ақтаулық «Қаспий» командасының жаттықтырушысы Срджан Благоевич атанды. Сербиялық маман 5 ұпай жинады.

Аталмыш сауалнамада екінші орынды «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян иеленді, қостанайлық ұжымның бапкеріне өз дауыстарын 4 маман берді. Үздік үштікті «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов тұйықтады. Ресейлік маман 3 ұпай жинады.

Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 16-тур «Қаспий»-«Қайсар» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.