KZ
KZ RU
26 қазан 2016 17:35

Станимир Стойлов: Үш қатар чемпиондық атаққа жету өте қиын болды

26 қазан 2016 17:35

- Біріншіден, «Астана» клубының барлық жанкүйерлерін, ойыншыларымды, бапкерлік штабты, клуб жетекшілерін, медициналық қызметкерлерді құттықтаймын! Осы чемпиондық атақ біздің тарихымызда үшінші және осы нәтижеге жету - әр клуб үшін өте күрделі тапсырма. Маусымның соңында командада жарақат алған өте көп футболшыларымыз болды. Мысалы, Деспотович әлі де толық емделген жоқ, сондықтан біз оны тек ойынның соңында ғана матчқа қостық. Осы жылы команда алдында тұрған басты мақсат – чемпиондық атақ және осы нәтижеге біз жеттік. Тағы ойыншыларымыз Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Енді осы турнирде мүмкіндігінше көбірек ұпай алуға тырысамыз. Кейбір футболшыларға демалыс береміз. Өз ұлттық құрамаларында өнер көрсететін ойыншылар әр 3 күн сайын алаңға шығады.

- Үш чемпиондық атақтың қайсысы Сіз үшін ең қымбат?

- Өткен жылы осы атаққа әрең дегенде жеттік, себебі үйдегі ойындарда да, қонақта да көп қателіктер жібердік. «Қайраттың» бізді қуып жетуге мүмкіндіктері болды. Бірақ командамыз жыл сайын чемпиондық атақ үшін сәтті күрес жүргізуде.