KZ
KZ RU
19 ақпан 2018 11:46
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

Суперкубок-2018. Билеттер сатылымы басталды

19 ақпан 2018 11:46
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионы «Астана» және Қазақстан Кубогының иегері «Қайрат» футбол клубтарының арасындағы 2018 жылдың футбол маусымын ашатын Қазақстан Республикасының Суперкубогына билеттер сатылымының басталғаны туралы хабарлайды.
 
Ойын 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы – 15:00-де.
 
Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында (сатып алуға сілтеме) және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.  
 
Жанкүйерлер үшін қол жетімді билеттер бағасы орнатылған:
- Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік трибуналардағы барлық секторларға – 500 теңге
- Батыс трибунадағы W1, W2, W8 секторларына және Батыс трибунасындағы 2 қабаттың барлық секторларына – 800 теңге
- Батыс трибунасы (1 категория): W3, W4, W5, W6, W7 секторлары – 1000 теңге.