KZ
KZ RU
02 наурыз 2018 12:31
OLIMPBET СУПЕРКУБОК

Суперкубоктың ашылу салтанатына көп балалы және толық емес жанұялар өмір сүретін балалары қатысады

02 наурыз 2018 12:31

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маңызды матчтардың ашылу салтанаттарына балаларды шақыру дәстүрін жалғастырады.

2017 жылғы Ақтөбе қ. өткен ҚР Кубогының финалында «Қайрат» және «Атырау» ойыншыларын милық салдану диагнозы бар балалар шығарған болатын. Олар кездесуді ұйымдастыру және финалға қатысушылармен жанасу арқасында жағымды эмоцияларға бөленді.
          
4 наурыз күні де ҚКФЛ жас көмекшілерді футболшыларды алаңға алып шығару үшін ойынға шақырды. «Жан Досым» қоғамдық қоры ұсынған тізім бойынша көп балалы және толық емес жанұяларда өмір сүретін балалар тамаша футбол мейрамына, яғни 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогының ашылу салтанатына қатысады. № 57 және 13 мектеп оқушылары «Астана Арена» стадионының жасыл алаңына өздерінің сүйікті ойыншыларын жетектеп шығады.  
 
- Қоғамдық қор, балалар және олардың ата-аналары атынан Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына бұл тамаша акцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын, - деді «Жан Досым» қоғамдық қорының Атқарушы директоры Назира Сеитова. – Бұл балалар үшін үлкен құрмет және даму үшін уәждеме. Біздің бүлдіршіндер Қазақстан құрмасында өнер көрсететін және халықаралық жарыстарға қатысатын ойыншыларды көруге қуанышты болатынына мен сенімдімін.
 
Суперкубок үшін кездесу 2018 жылдың 4 наурызында елордалық «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы – 15:00-де. Билеттерді «Тикетон» қызмет көрсету сайтында (сатып алуға сілтеме) және Астана қаласындағы «Меломан», «Керуен» ОСО және «Мечта» СО серіктес-дүкендерінде сатып алуға болады.