«Тұран-Ж» аға бапкері Мәдияр Кембилов: «Пенальти сериясы кезінде сәттілік бізге жолдас болды»
«Тұран-Ж» аға бапкері Мадияр Кембилов Қазақстан Республикасының Екінші Лига командалары арасындағы Біріншілігінде қола медальдар үшін ойын туралы пікір білдірді және Бақдәулет Зульфикаровтың ойынына баға берді:
- Қиын ойын болды, қарсыласымыздың деңгейі өте жақсы. Олар өзінің философиясын ұстанады -қысқа, орта паспен ойнайды. Маусымның басынан лайықты еңбек етіп, сапалы деңгейдегі футбол көрсеткен шәкірттеріме алғысымды білдіремін. Бүгін Алла тағала бұйырғаны соншалық, пенальти сериясы кезінде сәттілік біздің жағымызда болды. Жалпы, біз үшін сәтті маусым болды, кейбір футболшылар бірінші командаға шақырылды. Мысалы, Зульфикаров «Астанамен» қарсы ойында алаңға шығып, «Тұран» сапындағы алғашқы голын соқты, сонымен қатар ойындарға тағы да бірқатар ойыншылар тартылды. Менің ойымша, жас балаларды дайындауда — біздің басты міндетіміз. Біздің футболшылардың жемісті және жанқиярлық жұмысының нәтижесі — қола медальдар деп ойлаймын. Сондай-ақ мен ҚКФЛ-на соңғы екі турдың ойындарын бір уақытта қойғаны үшін алғыс айтқым келеді, себебі бұл жағдайда интрига соңғы минуттарға дейін сақталды.