KZ
KZ RU
26 маусым 2012 09:22

Төрешілікке қатысты

26 маусым 2012 09:22

"Тобыл" - "Ертіс" матчынан кейін облыс әкімі Сәдуақасов мырзаның сөзін жеткізген қостанайлық бапкер Вячеслав Грозныйдың айтқандарын оқу көңілге жағымсыз әсер қалдырды. Әңгіме тек сол ойын төңірегінде ғана болған жоқ, 13-турдың аясында өткен Оралдағы "Ақжайық" - "Тобыл" кездесуі жайында да болды. Шамасы қостанайлық басшылар төрешілерге қатысты кез-келген даулы мәселені ҚФФ-тың Төрешілер және нұсқаушылар бөліміне шағымдану арқылы шешуге болатынын білмейтін секілді. Бұл көптеген клубтардың қолданып жүрген қарапайым ғана тәжірибе. Даулы тұстарды жан-жақты қарастырып, шешім шығарғаннан кейін әдетте клубтардың сол шешімге көңілдері толып жатады.
Сәдуақасов мырзаның да, Грозный мырзаның да ҚФФ-қа ешқандай да хат немесе арыз да да жазбай, Қазақстан жанкүйерлерінің пікірі деген ұстаныммен істі күрделендіріп, босқа ауа соғып жатқандары қызық. "Тобыл" басшылығының біліксіздігі таңғалдыруда. 
Грозныйдың мәлімдемесіне сүйеніп, Төрешілік-сараптамалық комиссиясының мәжілісін өткізу туралы өзіміз бастама көтердік. біз "Тобыл" - "Ертіс" кездесуінің барлық даулы деген тұстарын қарап шықтық. Голдардың барлығы таза соғылған. Төрешілер қателіктері болған жоқ.
"Ертіс" командасының ойыншысы С. Струковқа қарсы ереже бұзылғаны үшін матчтың бас төрешісі Павел Салий 69-минутта "Тобылдың" қақпасына пенальтиді дұрыс белгіледі.
89-минутта "Тобылдың" қақпасына соғылған голды төреші дұрыс санамай тастады. Өйткені, қақпаға соққы бағыттар сәтте "Ертіс" командасының ойыншысы Ұ. Бақаев секіріп, "Тобыл" ойыншысын қолмен тоқтатты. Сол арқылы қарсыласына допқа ойнауға кедергі жасаған еді.
"Тобыл" ойыншыларына көрсетілген екі ескерту қағазы да орынды. 39-минутта Н. Шливич спортқа жат әрекеті үшін (ойын тоқтатылғаннан кейін допты лақтырып жіберу), 90 минутта Кислицин өрескел ойнағаны үшін жазаланды.
Бұдан кейін не айтуға болады, мырзалар? Кейде футболдан бейхабар адамдардыңбаспасөз беттерінде төрешілік туралы әңгіме айтқандарын оқып, таңғаламын. Футбол арбитражы — өте жұқа материя, оны көпшіліктің алдында талқылау бүкіл әлемде дұрыстыққа жатпайды. Төрешілер этикасы сол, арбитрдің шешімдерін федерация мен клуб арасында ғана талқыланады. Басқаға жол берілмейді.

Қостанайлықтар көпшіліктің алдында "ойнап", қоғамдық пікірге шақыруда. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, егер мен өзімнің беделім мен футболдағы танымалдылығымды пайдаланып, Сәдуақасов мырза басқаратын Қостанай облысының әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жайлы көпшілік алдында өз пікірімлі айтып жатсам не болады?
Қазақстан футбол федерациясы — байсалды құрылым. Мұнда клубтарға деген құрмет пен ұстанымдар теңдей дәрежеде. Біздің Төрешілік және инспекторлық бөлімдегі жұмыстардың дұрыс жолға қойылуы - УЕФА-ның "Төрешілер конвенциясына" жол ашты. Ал бұл дегеніміз, аталмыш қауымдастықтың Қазақстан төрешілеріне деген еуропалық санаттағы құрметі.

Бір-бірімізді сыйлап, құрметтеп, барлық мәселелерді өркениетті жолмен шешейік.

Сейілдә Байшақов, ҚФФ Вице-президенті