KZ
KZ RU
16 мамыр 2015 13:01

Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

16 мамыр 2015 13:01

15 мамыр күні өткен тәртіптік бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер шығарылды.

Премьер-Лига

Х тур

«Ақтөбе» - «Ертіс»

«Ертіс» командасының ойыншысы Владислав Чернышов қарсыласының айқын гол салу мүмкіндігінен (қолмен ойнау) айырған үшін бір ойынға шеттетілді. В.Чернышовты ойыннан шеттету мерзімін 2015 жылдың 4 мамырынан бастап белгілеу.

 

«Тараз» - «Оқжетпес»

«Оқжетпес» футбол клубы ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

Бірінші Лига

V тур

ЦСКА-«Лашын»

ЦСКА футбол клубына жарысты өткізу орнында қойылған талапты (ақпараттық табло) орындамағаны үшін 75 000 (жетпіс бес мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

Әйелдер Лигасы

I - II тур

«Көкше» - «СДЮСШ № 2»

«Көкше» футбол клубының ойыншысы Камила Құлмағамбетованың матчқа заңсыз қатысқаны үшін (Тәртіптік бақылау комитетінің 07.11.2014 шешімі) 2015 жылдың 17 мен 19 сәуір аралығында Әйелдер Лигасы арасындағы ҚР Чемпионатының І және ІІ турындағы «Көкше» - «СДЮСШ № 2» кездесуіндегі ойын нәтижелерінің күшін жою. Бұл ойындарда «Көкше» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс, ал «СДЮСШ №2» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс тағайындау.  

«Көкше» футбол клубы на 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде айыппұл салу.