KZ
KZ RU
29 мамыр 2015 15:09

Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

29 мамыр 2015 15:09

28 мамыр күні өткен тәртіптік бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер шығарылды.

Премьер-Лига

XI тур

«Жетісу» - «Астана»

«Жетісу» командасының ойыншысы Иван Цветковичті матч төрешісіне былапыт сөз айтып, тіл тигізгені үшін жеті матчықа ойыннан аластату. И.Цветкович жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: бірінші төрт матч - нақты ойынға қатыспау, қалған үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза.  И.Цветковичтің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 8 мамырынан бастап айыруды белгілеу.

«Шахтер» - «Ақтөбе»

«Шахтер» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда («Шахтер» жанкүйерлер тобы секторында) пиротехникалық заттарды қолданғаны үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 

XII тур

«Қайрат» - «Ақтөбе»

«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 

XIII тур

«Оқжетпес» - «Тобыл»

«Тобыл» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

«Оқжетпес» командасының ойыншысы Ильнур Мангуткинді дөрекі ойнағаны үшін 2 матчқа ойыннан аластату. И.Мангуткин жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: бірінші матч - нақты ойынға қатыспау, екінші матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. И.Мангуткиннің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 25 мамырынан бастап айыруды белгілеу.

 

«Атырау» - «Ордабасы»

«Атырау» командасының ойыншысы Абдулай Диакатені матч төрешісіне былапыт сөз айтып, тіл тигізгені үшін жеті матчықа ойыннан аластату. А.Диакате жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: бірінші төрт матч - нақты ойынға қатыспау, қалған үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза.  А.Диакатенің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 25 мамырынан бастап айыруды белгілеу.

 «Жетісу» - «Қайрат»

«Қайрат» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда («Қайрат» жанкүйерлер тобы секторында) пиротехникалық заттарды қолданғаны үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 

Дубль командалары турнирі

ХI тур

 «Жетісу» - «Астана»

«Астана» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

«Оқжетпес» - «Ордабасы»

«Ордабасы» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (6 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 

XIII тур

«Жетісу»- «Қайрат»

«Жетісу» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

 «Ертіс» - «Қайсар»

«Қайсар» командасының ойыншысы Жандос Қартбайдынды қарсыласының аяғынан тепкені (ойын тоқтаған кезде) үшін үш матчқа ойыннан аластату. Ж.Қартбайдының  ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 24 мамырынан бастап айыруды белгілеу.