KZ
KZ RU
05 маусым 2015 18:59

Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

05 маусым 2015 18:59
5 маусым күні өткен Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер шығарылды:
Премьер-Лига
ХIV тур
«Ордабасы» - «Ақтөбе»
«Ордабасы» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 «Астана» - «Атырау»
«Атырау» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
«Астана» футбол клубының жаттықтырушысы Саид Ибрагимовке техникалық аймақтан шығып кеткені үшін 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
«Тобыл» - «Ертіс»
«Ертіс» командасының ойыншысы Пиралы Алиевті қарсыласын баспен ұрғаны (ойын тоқтап тұрған кезде) үшін үш матчқа ойыннан шеттету. П.Алиевтің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 30 мамырынан бастап айыруды белгілеу. 
 
 Бірінші Лига
VIII тур
«Лашын» - «Спартак»
«Лашын» командасының ойыншысы Нұржан Нүсіпжановті қарсыласының гол соғу мүмкіндігіне кедергі келтіргені үшін бір матчқа ойыннан аластату. Н.Нүсіпжановтің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 31 мамырынан бастап айыруды белгілеу. 
«Мақтаарал» - «Каспий»
«Каспий» командасының ойыншысы Ерлан Қадырбаевты қарсыласын әдейі итергені үшін үш матчқа ойыннан шеттету. Е.Қадырбаев жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: алдыңғы екі матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Е.Қадырбаевтың ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 31 мамырынан бастап айыруды белгілеу.
 
Дубль құрамалары арасындағы турнир
XIV тур
«Қайрат» - «Тараз»
«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
«Тараз» ойыншысы Әділет Әбдібековті қарсыласының доппен ойнауына мүмкіндік бермей, аяғынан тепкені үшін (ойын барысында) үш матчқа ойыннан шеттету. 
 «Тобыл» - «Ертіс»
«Ертіс» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
«Тобыл» командасының ойыншысы Кирилл Короткевичті қарсыласының айқын гол соғуына мүмкіндік бермегені үшін бір матчқа ойыннан шеттету.  
«Ертіс» командасының ойыншысы Денис Төлебаевты қарсылас клубтың ресми тұлғаларына былапыт сөз айтып қорлағаны үшін бес матчқа ойыннан шеттету. Д.Төлебаев жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: алдыңғы үш матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы екі матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Д. Төлебаевтың ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 29 мамырынан бастап айыруды белгілеу.