Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті
24 маусым күні өткен Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер қабылданды:
Премьер-Лига
2015 жылдың 18 маусым күні өткен Тәртіптік бақылау комитетінің шешімін қайта қарап, «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Андерсон Сантанаға 5 матчтан тұратын жазаның түрін келесі тәртіп бойынша орындау қабылданды: алдыңғы екі матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза.
XVI тур
«Қайсар» - «Ақтөбе»
«Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Данило Сирино де Оливейра ереже бұзғаны үшін (қолын сілтеу) екі матчқа ойыннан шеттету. Данило Сирино де Оливейра жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: бірінші матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Данило Сирино де Оливейраның ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 21 маусымынан бастап айыруды белгілеу.
«Қайсар» футбол клубына жанкүйерлердің тәртіпсіздігі үшін (футбол алаңы мен оның аймағына жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтыруы) «300 (үш жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
«Астана» - «Тараз»
«Астана» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (6 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
Дубль құрамалары арасындағы турнир
XVI тур
«Оқжетпес» - «Ертіс»
«Оқжетпес» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
«Астана»- «Тараз»
«Астана» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
Бірінші лига
Х тур
«Екібастұз» - «Байқоңыр»
«Екібастұз» командасының ойыншысы Рүстем Айдарғалиевті матч төрешілеріне былапыт сөз айтқаны үшін жеті матчқа ойыннан шеттету. Р.Айдарғалиев жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: алғашқы төрт матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Р.Айдарғалиевтің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 22 маусымынан бастап айыруды белгілеу