KZ
KZ RU
05 тамыз 2015 10:09

Тәртіптік бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті

05 тамыз 2015 10:09
3 тамыз күні Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында келесі шешімдер шығарылды:
Премьер-Лига
XXII тур
«Тараз» - «Ертіс»
«Тараз» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.
 
XXII тур
«Ертіс» - «Ордабасы»
«Ордабасы» командасының ойыншысы Александр Гейнрихті қарсыласын аяғымен тепкені үшін 3 матчқа ойыннан шеттету.  А.Гейнрихтің ойынға қатысу құқығын 2015 жылдың 27 шілдесінен бастап айыруды белгілеу.
«Ордабасы» футбол клубына клубтың ресми өкілінің (Бас бапкер - Кумыков В.Б.) матч соңындағы баспасөз мәслихатында ҚФФ тарапынан ресми баға берілгенге дейін матчтың ресми тұлғаларының әрекеті жөнінде жұртшылық алдында жария еткені үшін «1 200 000 (бір миллион екі жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
 
 
 
Бірінші Лига
XIV тур
ЦСКА – «Байқоңыр»
«ЦСКА» командасының ойыншысы Бінәлі Изатовты  қарсыласын қасақана итергені үшін (ойын барысында) екі матчқа ойыннан шеттету.
«ЦСКА» футбол клубына  ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) «75 000 (жетпіс бес мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.  
«Байқоңыр» командасының ойыншысы Ерболат Рүстемовті  қарсыласын қасақана итергені үшін (ойын барысында) екі матчқа ойыннан шеттету.
«Байқоңыр» футбол клубына  ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) «75 000 (жетпіс бес мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.  
 
«Бәйтерек» - «Лашын»
«Лашын» футбол клубына Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің  XIV  турындағы «Бәйтерек» - «Лашын» матчына келмегені үшін келесі жазалар қабылданды:
«Лашын» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс есептеу, «Бәйтерек» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс есептеу.
«Лашын» футбол клубына «600 000 (алты жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.
 
Дубль құрамалары арасындағы турнир
XXII тур
«Оқжетпес» - «Астана»
«Астана» командасының ойыншысы Әбілқайыр Исмайловты қарсыласын қасақана итергені (ойыннан тоқтап тұрған кезде) үшін үш матчқа ойыннан шеттету. Ә.Исмайыловты ойынға қатысу құқығын 2015 жылдың 25 шілдесінен бастап айыруды белгілеу.
 
 
Жағажай футболынан ҚР Чемпионаты
III тур
«Достар» (Қапшағай)- «Арман» (Павлодар)
«Достар» командасының ойыншылары Бақытжан Арбағұлов, Бақыт Ешмұхамбетов, Арыстан Сесеновті матчтың ресми өкілдеріне күш көрсетуге әрекет еткені үшін бес матчқа ойыннан шеттету.  
«Достар» командасының ойыншысы Бекназар Ұбақбаевты  матчтың ресми өкілдеріне күш көрсетуге әрекет еткені үшін алты матчқа ойыннан шеттету.  
 
Әйелдер Лигасы
СШВСМ –Барыс (Алматы) - СДЮСШ №2 (Ақтөбе)
СШВСМ –Барыс командасының ойыншысы Анастасия Власованы қарсыласын ұрғаны үшін (ызалы әрекеті үшін) үш матчқа ойыннан шеттету.
 
СДЮСШ №2 (Ақтөбе) командасының ойыншысы Әнел Елеусізованы қарсыласын ұрғаны үшін (ызалы әрекеті үшін) үш матчқа ойыннан шеттету.