KZ
KZ RU
01 желтоқсан 2018 00:05

Тұңғыш Президент күнімен!

01 желтоқсан 2018 00:05

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы барша отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!

Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді.

Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!