KZ
KZ RU
13 сәуір 2012 01:45

Таңат Нөсербаев "Астананың" 150-ші голын соқты

13 сәуір 2012 01:45

Өз алаңында "Астана" 48 кездесуде 94 гол соққан. Ал түзде 46 матчта 57 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Тағы бір статистика: бірінші маусымда "Астана" Премьер-лигада 54 гол соқса, 2010 жылы 41 мәрте қарсылас қақпасын тура көздеген. Ал былтыр "Астана" футболшылары тура 50 гол соғыпты.

Бұл голдардың 32-сі  "Қайсар" мен "Ертіс" командаларының қақпаларына соғылған екен. Екі команда да "Астанадан" 16 голдан жіберген. 13 реттен елордалықтар "Шахтер" және "Қайрат" қақпаларын тура көздеген. Осы орайда айта кету керек, "Ертіске" қарсы командамыз 11 ойын өткізсе, "Шахтермен" 10 мәрте кездесіп, "Қайратпен" 5 ойын өткізіп, "Қайсармен" 4-ақ рет шаршы алаңда жолығысқан екен.

"Қызылжар" мен "Жетісу" қақпаларына 3 голдан ғана соғылыпты. Дегенмен, "Қызылжарға" қарсы екі ойын өткізсек, талдықорғандықтармен 8 мәрте кездесіппіз.

Сонымен қатар, тағы бір айта кетерлігі, "Жетісу" елордалықтардан әр ойында орта есеппен бір голдан кем доп жіберетін Премьер-лигадағы жалғыз команда. "Астана" бұл клубтың қақпасына әр ойында орта есеппен 0,38 голдан соғады екен. "Ақтөбе" қақпасына әр ойында 1,1 голдан соғылса, "Ордабасыға" 1,25 гол соғып отырған. Ал "Астанадан" ең көп "жапа шеккен" командалардың көшін "Қайсар" бастап тұр. Қызылордалықтардың қақпасын орташа есеппен әр ойында 4 мәрте тура көздеппіз.



fca.kz