Талғат Байсұфинов: «Ақжайық» жоғары орындар үшін таласады»
-Талғат Маруанұлы, оқу-жаттығу жиыны қалай өтті? Қандай қорытынды жасадыңыз?
- Жиынның соңында мен көмекшілерімге, медикалық жұмыскерлерге өз алғысымды білдірдім. Командада жаңа жұмысшылар да бар. Оқу-жаттығу жиынында үлкен жұмыс атқарылды. Бәрі де жоғары деңгейде өтті. Осы жиынға біз 42 футболшыны алып бардық. Олардың ішінде байқауға келген футболшылар да бар. Бірақ көпшілігін Оралдық ойыншылар құрады. Ойыншыларды көптеген жаңа нәрселерге үйреттік, ал содан кейін олар осы білімді жолдастық ойындарда меңгеруге тырысты.
- Сізге ұнаған жас футболшылардың есімдерін атай аласыз ба?
- Біз бас директормен әркім өз жұмысымен айналысады деп келістік. Клуб басшылығы бапкерлердің жұмысына араласпай, барлық жағдай жасауға тырысты. Атап өйтсек, маған 2000, 1999 және 1998 жылы туылған жас ойыншылар ұнады. 42 ойыншыны оқу-жаттығу жиынына алу, ол, әрине, қиын іс, бірақ келесі жиынға біз тек негізгі команданың ойыншыларын аламыз. Оларға қоса, тағы да 4-5 жас футболшы болады. Екінші оқу-жаттығу жиыны ұзақ уақытқа созылады, сондықтан осы шешімге келдік.
- «Ақжайыққа» жаңа ойыншылар да келді. Говедарица, Сергиенко және Коронель туралы не айта аласыз?
- Говедарицаның Қазақстанға оралуына мен өте ризамын. Ол өте тәжірибелі, өз ісін білетін футболшы. Оны мен бұрыннан бері білемін. Предрагтың командаға көмектесетініне менің күмәнім жоқ. «Ақжайыққа» тағы Эдуард Сергиенко де келді. Осы футболшымен бірге павлодарлық «Ертісте» жұмыс істедік. Тәжірибесі мол ойыншы, осындайлар бізге керек. Оларға қарап, жас футболшылар да өседі. Бірінші жаттығудан бастап, команда сапында өз өнерін Фредди Коронель де көрсете білді. Біз үшін Коронель – табысты олжа. Тек қана испан тілін білгенімен, бізді әр-түрлі ымдар арқылы түсіне алды. Футболдың тілі бір дейді ғой көбі. Сондықтан Коронель біздің командамен тез тіл табыса алды. Менің ойымша, Қазақстан Премьер-лигасында парагвайлық футболшы өз ойынымен көбін таң қалдырады.
- Ұлттық құрама деңгейлі футболшылар командаға келе ме?
- Команданың негізін өткен маусымда өнер көрсеткен ойыншылар құрайды. Жас ойыншыларға енді Говедарица және Сергиенко секілді тәжірибелі футболшылар қосылды. Тағы бізде Олег Хромцов деген шабуылшы бар. Осы ойыншылар «Ақжайыққа» жеткілікті деуге де болады. Келесі жиынға командаға легионерлер де келеді.
- Команда алдында жаңа маусымда қандай мақсат тұр? Премьер-лигада қалу ма, әлде басқа жоспарыңыз бар ма?
- Қаншалықты қиын болғанмен, «Ақжайық» жоғары орындар үшін таласады. Әрбір ойын біз үшін өте маңызды. Дегенмен, футболда сәттіліксіз табыс болмайды. Егер футболшыларымызда басқа мықты командалардан ұсыныстар болса, ол біздің де, ойыншыларымыздың да табысы деп санауға болады.