19 қыркүйек 2021 14:24
Тамыз айының үздік голының авторы марапатталды
19 қыркүйек 2021 14:24
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голының авторын марапаттады.
Сауалнамаға қатысушылардың таңдауыңына OLIMPBET-Чемпионаты мен OLIMPBET-Кубогының ойындарында соғылған 7 гол ұсынылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогының «Тұран» – «Каспий» (5-тур) кездесуінде соғылған Талғат Кусяповтың керемет соққысы атанды. Қазақстандық ойыншының голына 209 (34, 49 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жаңа идеяны жүзеге асыруда. Осы уақыттан бастап ай қорытындысы бойынша номинациялар иегерлерін қазақ футболының ардагерлері марапаттайтын болады.
Жүлдені Талғат Кусяповқа Ақтау футболының ардагері Мартик Амаякович Гукасян табады. 81-жасар Мартин Амаякович «Строитель» («Труд», Шевченко) командасының бірінші капитаны, Қазақ КСР Кубогының иегері (1964 ж.), сондай-ақ дене шынықтыру ұжымдарының командалары арасында Қазақ КСР біріншілігінің қола жүлдегері (1963, 1967, 1972).
- Биыл мен стадионға сирек барамын, бірақ әрқашан «Каспийдің» ойындарын теледидардан көруге тырысамын. Маған «Каспийдің» футболы ұнайды, онда балғындық пен құмарлық бар. Футболшылар керемет ойын өрнегін көрсетуде. Талғат Кусяповтың голына келетін болсақ, соққы өте әдемі болды. Мұндай голдар біздің чемпионатымызды көркейтіді, - деді Мартин Амаякович ҚКФЛ баспасөз қызметімен әңгіме барысында.
Басқа жаңалықтар